Қазақстанда күнкөріс деңгейі күрт өсті  

Маусым айында Қазақстанда жан басына шаққандағы өмір сүру құны бір айда 5,4 пайызға өсіп, 51 818 теңге болды. Бұл – осы жылдың рекордты көрсеткіші.   Қазақстандағы жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі (КД) ай сайын есептеліп отырады. Бұл орташа қазақстандық азаматтың ең төменгі қажеттіліктерін өтеуге қажетті соманы көрсетеді. Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметі бойынша, маусымда күнкөріс деңгейі 51 818 теңге болды. Бір айдың ішінде сома 5,4 пайызға өсті, бұл биылғы ең жоғары көрсеткіш. Өткен айларда өсім 0,8 пайыздан аспады. Әрбір аймақтың өзіндік өмір сүру құны бар екенін есте ұстаған жөн, себебі ол белгілі бір азық-түлік өнімдерінің бағасына байланысты болады. Бұл көрсеткіш кейіннен елдің әртүрлі аймақтарындағы кедейлік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Мәселен, ағымдағы жылдың маусым айында ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді – 63 417 теңге. Ең төменгі көрсеткішті Түркістан облысы көрсетті – 45 810 теңге. Астанада күнкөріс минимумы – 56 673 теңге, Алматыда – 54 818 теңге, Шымкентте – 51 011 теңге. Маусымдағы аймақтық күнкөріс деңгейі. Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы Маусым айындағы көрсеткіштен бөлек, сарапшылар екінші тоқсандағы, сондай-ақ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін жан басына шаққандағы күнкөрістің өңірлік құнын есептегенін атап өткен жөн. Мәселен, екінші тоқсанда күнкөріс деңгейі орташа есеппен 49 961 теңге, ал бірінші жартыжылдықта 49 165 теңге болды. Сомалар маусым айындағы көрсеткіштен аз болып шықты, себебі оларды анықтауға өмір сүру құны әлдеқайда төмен болған өткен айлар әсер етті: қаңтарда – 48 054 теңге; ақпанда – 48 363 теңге; наурызда – 48 692 теңге; сәуірде – 48 897 теңге; мамырда – 49 168 теңге. Естеріңізге сала кетейік, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 55 пайызы (28 500 теңге) ғана азық-түлікке, ал қалғаны азық-түлік емес тауарларды сатып алуға және қызмет ақысын төлеуге (23 318 теңге) бөлінген. Сондай-ақ бұл көрсеткішті жыл сайын базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге белгіленетін күнкөріс минимумымен шатастырмау керектігін ескертеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *