Шымкент жолшылары аттестациядан өтті

Шымкент жолшылары аттестациядан өтті

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетіне қарасты «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері кезекті аттестация тапсырып жатыр.

Аттестацияның мақсаты – мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіріп, білім деңгейін тұрақты бақылауда ұстау.

Тестілеу барысында әр қызметкерге өз саласына қатысты 60 сұрақ ұсынылады. Оның ішінде 10 сұрақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына арналған.

Сұрақтар қолданыстағы заңдар мен нормативтік талаптар негізінде әзірленген. Аттестация талабына сәйкес, қызметкер тест сұрақтарының кемінде 75 пайызына дұрыс жауап беруі тиіс. Ал 50-75 пайыз аралығында нәтиже көрсеткендер қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болады. 50 пайыздан төмен нәтиже көрсеткен жағдайда қызметкердің лауазымдық дәрежесі төмендетілуі мүмкін.

Айта кетейік, қызметкерлерге бір ай бұрын дайындыққа арналған әдебиеттер тізімі ұсынылды.

Биылғы аттестацияның басты ерекшелігі – прокторинг жүйесінің енгізілуі. Тестілеу процесін жасанды интеллект бақылайды. Артық қимыл немесе бөгде дыбыс анықталған жағдайда жүйе тесті автоматты түрде тоқтатады.

– 1,5 сағат уақыт берілді. Тест жақсы өтті. 60 сұраққа шамамен бір сағат ішінде жауап беріп шықтым. Сұрақтар өз жұмысымызға тікелей қатысты болды, – дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының жалпы жұмыстар жөніндегі маманы Эльмира Кульбаева.

Айта кетейік, аттестация онлайн форматта өтуде. Биыл филиалдың 8 қызметкері аттестациядан өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *