Шымкент қаласында тұрмыстық қауіпсіздік талаптарын сақтау және газбен уланудың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Қала тұрғындарына көмірқышқыл газының адам денсаулығына қауіптілігі және оның алдын алу шаралары туралы ескерту жасалуда.
Мамандардың айтуынша, көмірқышқыл газы (СО₂) иіссіз және түссіз болғандықтан, оның бөлмеде жиналуы адам ағзасына ауыр әсер етеді. Газдың шамадан тыс мөлшерде жиналуы бас айналу, әлсіздік, естен тану және тыныс алудың тоқтауына дейін әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға тұрмыстық газ құрылғыларын дұрыс пайдалану, желдету жүйесін үнемі тексеріп отыру және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Қауіпсіздік – әр азаматтың басты міндеті. Газбен жұмыс істеу кезінде мұқият болу, өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығын сақтауға мүмкіндік береді.