ШЫМКЕНТТЕ 99 ТҰРҒЫНҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛДІ

2025 жылы мемлекет азаматтарға жаңа бизнес-жобаларын жүзеге асыруға гранттар берудің ІІІ легін аяқтады. Бұл лег шеңберінде жеке кәсіпкерлерге 400 АЕК-ке дейінгі қаржы көлемінде (1 572 800 теңге) қайтарымсыз гранттар бөлінді. Жобаға жалпы 398 өтініш қабылданып, комиссия шешімімен 99 адам грант иегері атанды. Қазіргі уақытта қаржы аударылу сатысында.

Грант алушылар санаты бойынша бөлінген мәліметтерге сәйкес:

Азаматтық әлеуметтік көмек алушы – 1 адам;

Асыраушысынан айырылған отбасы – 5 адам;

Еңбекке қабілеттілігі бар мүгедектігі бар азаматтар – 21 адам;

Көп балалы отбасылар – 55 адам;

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырғандар – 17 адам.

Гранттар әртүрлі салаларда кәсіпкерлік жобаларды іске асыруға бағытталды. Жобалардың бағыттары төмендегідей:

Мал және құс шаруашылығы – 3 жоба;

Қызмет көрсету саласы – 28 жоба;

Кондитерлік және нан өнімдері – 12 жоба;

Тігін өнеркәсібі – 12 жоба;

Полуфабрикат өнімдері – 7 жоба;

Жиһаз өндірісі – 3 жоба;

Өндіріс (құлпынай өсіру, ет өндірісі және т.б.) – 18 жоба;

Басқа салалар (фаст-фуд, ыстық тағам, шұжық, кофе және т.б.) – 16 жоба.

Осылайша, 2025 жылы Шымкент қаласында жалпы 432 адамға қайтарымсыз гранттар берілді. Мемлекеттік гранттар жаңа кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға, жергілікті экономиканы нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға зор үлес қосады деп күтілуде.

Сонымен қатар, қалада жұмыссыздық мәселесін азайту және тұрғындарды тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында 18 қараша күні сағат 14:00-де «Көрме орталығында» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, қала тұрғындары бос жұмыс орындарымен танысып, өзіне лайықты жұмысты таңдау мүмкіндігіне ие болады.

Шаралар тұрғындар мен кәсіпкерлерге бағытталған кешенді қолдау жүйесін қалыптастыруға, азаматтардың қаржылық мүмкіндіктерін арттыруға және Шымкенттегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Қала әкімдігі тұрғындарды жаңа бизнес бастамаларын іске асыруға белсенді қатысуға, сондай-ақ бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде өз мүмкіндіктерін кеңейтуге шақырады.

Осылайша, мемлекеттік гранттар мен жұмысқа орналастыру шаралары Шымкенттегі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарының бірі ретінде, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен қаланың тұрақты даму стратегиясын іске асыруға ықпал ететін маңызды бастамалар қатарында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *