Шымкентте өткен қалалық жәрмеңкеде 105 тұрғын жұмысқа жолдама алды

Шымкент қаласында 2025 жылғы 18 қараша күні қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында кең көлемді «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Еңбек нарығындағы белсенділікті арттыру, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында өткен шара «Көрме» орталығында өтті.

Жәрмеңкеге қаладағы жетекші кәсіпорындар, өндіруші компаниялар, сервистік ұйымдар, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Өз кезегінде жұмыс іздеп келген азаматтарға түрлі салалар бойынша жүздеген бос жұмыс орны ұсынылды.

105 адам жұмысқа жолдама алды

Жәрмеңкенің басты нәтижелерінің бірі — 105 азаматтың жұмысқа жолдама алуы. Оның ішінде:

86 адам – тұрақты жұмыс орындарына;

19 адам – субсидияланатын жұмыс орындарына (жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны, қоғамдық жұмыс).

Бұл көрсеткіш еңбек нарығындағы оң серпінді және тұрғындардың белсенділігінің артқанын көрсетеді.

Өнім өндіретін жас кәсіпкерлердің көрмесі өтті

Іс-шарада мемлекеттік грант арқылы бизнесін бастаған жас кәсіпкерлер де өз өнімдерін таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Биыл 400 АЕК-ке дейінгі грант алған азаматтардың ішінен 60-қа жуық кәсіпкер:

тұрмыстық химия,

азық-түлік өнімдері,

қолөнер бұйымдары,

тігін өнімдері,

құрылыс материалдары

сияқты түрлі бағыттағы өнімдерін жұртшылық назарына ұсынды.

Бұл алаң жас кәсіпкерлерге өз брендін насихаттап, жұмыс берушілермен және сатып алушылармен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Әлеуметтік осал топтар үшін де қолайлы алаң

Жәрмеңке тек жұмыс іздеушілерге емес, әлеуметтік осал топтарға да арналған маңызды іс-шара болды. Атап айтқанда:

пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар,

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар,

мүгедектігі бар адамдар,

берешегі бар тұлғалар

жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, өздерін қызықтырған сұрақтары бойынша кеңес алды.

Оларға қолжетімді бос жұмыс орындары, қайта даярлау курстары және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары түсіндірілді.

Жәрмеңке нәтижесі: кең қамтылған мүмкіндіктер

Жалпы жәрмеңкеге 700-ден астам адам қатысты. Іс-шара төмендегідей нәтижелермен қорытындыланды:

60 адам — enbek.kz платформасы арқылы «жұмыс іздеуші» ретінде тіркелді;

56 азамат — ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша кеңес алды;

12 адам — кәсіптік оқыту курстарына жазылды;

32 адам — жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грантқа өтініш білдірді.

Бұл көрсеткіштер жәрмеңкенің тұрғындар үшін көпфункциялы алаң болғанын, тек жұмысқа орналасуды ғана емес, жаңа кәсіби мүмкіндіктерді ашқанын дәлелдейді.

 

«Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты қалалық жәрмеңке Шымкент қаласының еңбек нарығындағы белсенділікті күшейтіп, жұмыссыз тұрғындарды қолдаудың тиімді тетігіне айналды. Іс-шара:

жұмысқа орналастыру,

кәсіпкерлікке баулу,

қайта даярлау,

әлеуметтік қолдау бағдарламаларын түсіндіру

сияқты бағыттарды қамтып, түрлі санаттағы азаматтарға нақты көмек көрсетті.

Шымкент қаласы әкімдігі мұндай жәрмеңкелерді алдағы уақытта да үздіксіз ұйымдастырып, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыруды жалғастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *