📅 21–26 қаңтар аралығында ұйымдастырылған беделді жарыста біздің оқушылар 2 дисциплина бойынша —
Физика және Астрономия / жаратылыстану ғылымдары бағытында бақ сынап, жүлделі III орынды иеленді.
Бұл — білімге деген құштарлықтың, үздіксіз еңбектің және жүйелі дайындықтың айқын дәлелі. Халықаралық деңгейде өз білімін дәлелдеу әр оқушы үшін үлкен тәжірибе әрі болашаққа сенімді қадам.
🏆 Жеңімпаз оқушылар:
• Қасымбек Ғаламат — 10-сынып
• Бақытжан Әлмен — 10-сынып
• Дәуренбек Рания — 7-сынып
Оқушылардың бұл жетістігінде жетекшінің еңбегі ерекше.
👨🏫 Пириев Эльшан — кәсіби бағыт-бағдар беріп, шәкірттерінің әлеуетін ашуға зор үлес қосқан жетекші.
Бұл жеңіс — тек бір команданың емес, бүкіл Cambridge Line қауымдастығының жеңісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда көк туымызды желбірете берулеріңізге тілектеспіз!
Құттықтаймыз! 🎉
Білімді ұрпақ — жарқын болашақ!