ТҮЛКІБАСТА ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР НАСИХАТТАЛДЫ

Түлкібас ауданында дәстүрлі «Салбурын-мереке ғой саятшыға» атты іс-шара биыл жаңа форматта өтті. Салбурын — аң аулау , яғни қыс маусымы кезінде аңшылар топталып, аңы мол жерлерге сапар шегеді. Жақсы ат, қыран бүркіт, түзу мылтық – бәрі бірдей сайланады. Олардың ішінде әнші, күйші, жыршылар да болған.

Ата-бабадан мирас болып қалған дәстүрді кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында саятшылар мерекесін бұл жолы Әл Фарабидің  1150 жылдығы және Ұлы ойшыл, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойымен ұштастырылған түрде көркем сөз шеберлерінің байқауы ретінде ұйымдастырылды.

Шарада алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов :  «Біз бүгін ауданымызда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында  ұлттық салт-дәстүрді бұқара халық арасында насихаттау, дәріптеу мақсатында «Салбурын — мереке ғой саятшыға» атты көркем сөз оқу шеберлері байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасына қатысып отырмыз» -деп, шараны ұйымдастыруға ат салысқан азаматтарға өз ризашылығын білдірді.

Байқаудың қортындысы бойынша, Бекеев Мағжан үздік деп танылды. Жүлдегерлердің барлығына аудан әкімінің алғыс хаты мен сертификаттар табыс  етілді.

Байқаудың нәтижелері :

— Жүлделі ІІІ орын Абдалиева Асмира ,

— Жүлделі ІІІ орынТопанбай Мейірхан,

— Жүлделі ІІ орын-Кеңесбай Алуа ,

— Жүлделі ІІ орын –Күндебай Нұрсезім,

— Жүлделі І орынмен –Бекеев Мағжан иеленді.

Мерекелік шара барысында көрермендерге саятшылық дәстүрі мен ұлы тұлғалардың өмір жолына қатысты көрме ұйымдастырылып, облыс және аудан өнерпаздары тарапынан ән-шашулар тарту етілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *