Жобалық кеңсе қызметі қарқынды дамып келеді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің төрағалығымен аумақты кешенді дамыту бағдарламалары жөнінде жобалық кеңсе отырысы өтті. Жиынға Zoom қосымшасы арқылы барлық басқарма басшылары мен жобалық кеңсе жетекшілері қатысты. Кеңесте жобалық басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін мемлекеттік басқару жүйесіне көптеп енгізу мәселесі талқыға түсті.

Мәселен, атқарылатын жұмыстар бірыңғай жүйеге енгізіліп, көрсеткіштер нәтижесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда құзырлы басқарма мамандары белсенді болулары қажет. Осыдан бір жыл бұрын құрылған Жобалық кеңсе өкілдері мемлекеттік қызметкерлердің жобаларды тиімдірек басқаруға қол жеткізулеріне, стратегиялық жоспарлау мен өнімді тұжырымдауды жүзеге асыру мақсатында «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандарты» бойынша арнайы білімін жетілдіруді ұсынып отыр.

– Жобалық кеңсе қызметі түрлі басқарма қызметтеріне қарқынды серпіліс береді. Түптеп келгенде барлығымыздың мақсатымыз бір – шаһардың дамуына бір кісідей атсалысу. Қаланы дамытып, көркейтетін де өзіміз, – деді қала әкімінің орынбасары.

Шымкент қаласын дамытудың Жобалық кеңсесі қазіргі таңда ел көлемінде құрылуы және қызметтерін жүзеге асыруы бойынша алдыңғы шепте келеді. Негізгі міндеттері – қағазбастылықты азайтып, дұрыс жоспарлау арқылы мерзімінде оң нәтижеге қол жеткізу. Жиын қорытындындысы бойынша қала әкімінің орынбасары аудан әкімдері мен басқарма басшыларына жобалардың процесстерін тиімді басқару керек екендігін атап өтіп, бірқатар тапсырмаларды берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *