Шымкент : Жылына 30 мың тонна минералды су шығаратын кәсіпорын іске қосылды

Шымкент қаласының Қаратау ауданында «Барыс 2007» ЖШС минералды су шығару кәсіпорны іске қосылды.

Жоба құны – 300 млн теңге. Кәсіпорын жылына 30 мың тонна минералды су шығарады. Зауытта 15 адам жұмыспен қамтылып, 300 млн теңгеге жуық инвестиция тартылды.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, Елорда күні мерекесі қарсаңында аяқталды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *