Алматы халқы жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовті соңғы сапарға шығарып салды

Қаламгермен қоштасу сәтінен суреттерді журналист Ришат Асқарбекұлы жариялады. Жазушымен қоштасуға елімізге танымал көптеген тұлғалар келкен. Олардың қатарында бұрынғы премьер-министр әрі Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев, қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен Қырымбек Көшербаев та бар.

Жазушы Дулат Исабеков пен Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, ақын Маралтай Райымбекұлы мен жазушы Төлен Әбдік те классикпен қоштасуға келді.

Әбдіжәміл Нұрпейісов — әлемнің бірнеше тіліне аударылған «Қан мен тер» трилогиясының авторы. Сондай-ақ, Арал теңізінің жағдайын баяндайтын «Соңғы парыз» романын жазды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *