Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген жанұясымен бірге Америка құрама штаттарына аттанды. Эстрада жұлдызы АҚШ-тың үш қаласында қазақстандықтарға арнайы концерт бермек
Айқын Төлепбергеннің Америкаға аттанғаны оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Танымал әнші шетелдік гастрольдік сапарына жалғыз өзі емес, бала-шағасын да алып бара жатыр. Келіншегі Жұлдыз Өмірғали және балаларымен ұшақта отырған фотосын жариялаған Айқын шетелге ұшып бара жатқанын жеткізді. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға АҚШ-қа аман-есен жетіп, мерекелік шараны жоғары деңгейде өткізуді тіледі. Айта кетейік, Америка құрама штаттарында концерт беретінін Айқын Төлепбергеннің өзі әлеуметтік желіде хабарлаған болатын.