Шымкент жекеменшік мектептерді дамытуда көшбасшы

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «GOLDEN KIDS» жекеменшік мектептің құрылысымен танысты. Бәйдібек би даңғылының бойында орналасқан 400 орындық мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.

Мемлекет басшысы 2023 жылдың соңына дейін үш ауысымды және апатты мектептерді жою туралы үкіметке нақты тапсырма жүктегенін айтқан қала басшысы мектеп құрылысын  күшейту үшін жеке кәсіпкерлерді көптеп тарту керектігін жеткізді.

Шымкент қаласында биыл пайдалануға берілетін 11 мектептің есебімен  жекеменшік білім мекемесінің саны 62-ге жетеді. Жеке мектептер санын көбейту арқылы бюджетке түсетін жүктемені төмендетуге, орын тапшылығын азайтуға, білім сапасын жақсартуға және педагог мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді. Ал,  инвестор үшін тұтыну кепілдігі бар табысты әрі ұзақ мерзімді бизнес жоба болып табылады.

Шаһар басшысы өткен жылы мегаполисте 25 жаңа мектеп ашылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеп, апатты мектептер жойылғанын атап өтті.

Құрылысы аяқталып қалған білім ошағын аралау барысында әкім балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалу керектігін, материалдық-техникалық базасының талапқа сай болуын қадағалауды тапсырды.

 

 

Шымкент гарнизонында әскери қызметшілердің құқық тәртібі мәселелері талқыланды

«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасының 2021 жылда қалай атқарылғаны жөнінде әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық кеңесі отырысында қорытындыланды.

Кеңес отырысына әскери құқық қорғау органдарының басшылары, Шымкент және Арыс гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің басшылығы мен жауапты лауазымды тұлғалар қатысты.

Өз сөзінде гарнизонның әскери прокуроры қатысушылардың назарын қылмыстық, құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті нығайту қажеттігіне назараударды.

Құқық бұзушылықты жою шараларын қабылдауға, жұмысты жетілдіруге, халықаралық тәжірибені пайдалануға және құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа әдістері мен тәсілдерін әзірлеуге назар аударды.

Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар 2022-2024 жылдарға арналған «Армияда қылмысқа орын жоқ» жаңа бағдарламасын талқылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *