Түркістанда «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы ашылды

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында халықтың жағдайын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандыру, жастарды патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу мәселелеріне ерекше тоқталып өткені баршамызға мәлім. Президентіміз биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауды ұсына отырып, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру қажет екеніне тоқталып өтті. Мемлекет басшысының қойған осы тапсырманы іске асыру үшін Қарулы Күштер өңірлерде «Жас Сарбаз» балалар—жасөспірімдер,  әскери —патриоттық қоғамдық бірлестігін құрып, мектептерде әскери—патриоттық тәрбиенің рөлін арттыра түсуде. Елдің болашағы болып табылатын өскелең ұрпағымызды жан—жақты қолдап, әскери—патриоттық тәрбиелеу ісін дамыту келешегімізге нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Н. Б. Дюсебаевтың нұсқауымен бүгін Түркістан қаласында, М. К. Ататүрік мектебінде «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клубы ашылды. Салтанатты шараға Түркістан облысы бойынша Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бегимов Тұрғанбек Аширович, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник КУЛДЕРБАЕВ Жандос Тынымбекович,  Түркістан облысы Жас—Сарбаз әскери — патриоттық қозғалысының Түркістан облысы бойынша филиалы төрағасының МУА Шекербек Аружан Мақсатқызы, Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алдабергенов Бабай Тәңірбергенұлы, Түркістан қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығы полковник Нығмет Ахметұлы, Түркістан облысы жастар ресурстық орталығы директорының кеңесшісі Даурен Ақсақаловтар қатысып, құттықтау сөз сөйлеп жастарға жалынды ойларын айтып, мектеп ұжымына табыстар тіледі. Өз кезегінде мектеп директоры ф. ғ. к, доцент Үрімова Рахила Кенжебекқызы келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, оқушыларының алда биіктен көрінетінін жеткізді. Мерекелік іс—шара концерттік бағдарламаға ұласып, оқушыларға кеоемет көңіл сыйлады. Жас сарбаз клубына 10 ер бала, 5 қыз бала мүшелікке қабылданып, жас сарбаз куәліктеріне ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *