Таразда Бауыржан Момышұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-ші механикаландырылған бригадасында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішінің ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов қатысты.

2021 жылы аталған әскери бөлімге даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімі берілген болатын.

Ескерткіштің ашылу салтанатынан соң Жамбыл облысының әкімі мен Қорғаныс министрі 5-ші механикаландырылған бригадасының мұражайымен танысты.

Генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов жұмыс сапары барысында Тараз гарнизонының әскери бөлімдерін тексерді.

Аймақ басшысы мен Қорғаныс министрі Байзақ ауданындағы қоймада болған жарылыс кезінде із-түссіз хабарсыз кеткен Бауыржан Дәуітбаевтың отбасымен кездесті.

Сержантты іздеу жұмыстары наурыз айының соңында қайта жалғасады. Қыс айларында ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *