Мемлекет басшысы үндеу жариялады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

Үндеуде Мемлекет Басшысы «Биылғы жыл жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер жылына айналды. Маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады.

Мемлекет «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын берік ұстанады»,- деді.

Сонымен қатар, Президентіміз «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

«Халық біздің саяси жүйені өзгерту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы түсініп отыр.

Сондықтан мен бұған дейін айтылған сайлаудың  мерзіміне және Ата заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым.

Осы науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді.

Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады.

Мен Жолдауымда бірқатар ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар  қолға алынатынын жарияладым.

Біз оның бәрін жақын арада жүзеге асыруымыз керек»,- деді өз жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Әділетті Қазақстанды, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *