Шымкентте «Жастарға кеңес» жобасы іске қосылды

Тұрғын үй бағдарламалары,  халықты жұмыспен қамту, кәсіп бастау секілді халықты толғандырған түрлі сауалдарға тегін жауап беріледі. «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатымен бірге бүгін кеңес беру жұмысын бастады.

Айна базарында арнайы сала мамандары халыққа психологиялық және заңнамалық тегін кеңес берді. Оның ішінде жастарды жұмыспен қамту және жастардың дамуына тікелей қатысы бар мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттар ұсынды.

«Жастарға кеңес» жобасы  жастарға арналған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруде консультациялық іс-шараларды кешенді жүзеге асыруды мақсат етеді.

Жастарға кеңес жобасы алдағы уақытта да жалғасын табады. Тегін кеңес беру жұмыстары «Айна» базарында өтеді. Аптаның сейсенбі және жұма күндері аралығында базар сатушылары мен келушілері жергілікті атқарушы органдардың «Отбасы банк», «Тұрғын үй» құрылыс жинақ банкі АҚ, «Жастар ресурстық орталықтарының» мамандары, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары және тағы басқалардан кеңес ала алады.

“Жастардың дені әлеуметтік желіде отыратындықтан, Instagram, Facebook әлеуметтік желілері парақшаларында да жүйелі жұмыстар жүргіземіз. Түсіндіру жұмыстары электрондық хат алмасу, «Zoom» және «Skype» коммуникациялық платформалары, «WhatsApp» мессенджерінің бейне қоңырау режимі және Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінің тікелей эфирлері арқылы да жүргізіледі.”- деді«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *