Қоғамдық кенестің жылдық есебі тыңдалды

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ғимаратында білім және денсаулық кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға партия филиалының атқарушы хатшы орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев, қоғамдық кеңес және БАҚ өкілдері қатысты.

Есенбек Серкебаев қоғамдық кеңес жұмысының 2022 жылғы қорытынды есебін баяндады. Одан әрі 2023 жылға қоғамдық кеңестің жылдық жоспары талқыланды.

Айта кетейік, былтыр аталмыш қоғамдық кеңестің қатысуымен бірқатар өзекті мәселелер оң шешімін тапқан болатын. Соның ішінде, дау шыққан Қызылжар емханасындағы мәселе, 60 мыңнан аса тіркелушісі бар №2 емханадағы орын алған мәселе, мектеп мұғалімдеріне еңбек демалысының ақысы мен дансаулықтарын сауықтыру жәрдемақысын уақтылы төлемеу мәселесі және тағы да басқа өзекті мәселелер оң шешілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *