Шымкентте бұқаралық спортқа оң бетбұрыс бар

Үшінші мегаполисте бүгінгі таңда мемлекеттік – 29, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы 5 спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 3 жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, олимпиада резервін дайындау орталығы, 4 спорт клубы, «Ордабасы» кәсіби футбол клубы, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері және тағы басқа мекемелер бар.

Барлығы 906 бапкер 18 242 спортшыны жаттықтырады. Сондай-ақ, қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт мектебі де бар. Онда 368 азамат 18 спорт түрімен шұғылданады. Жалпы, қала тұрғындары спорттың 74 түрімен шұғылданады. Оның ішінде олимпиадалық – 37, олимпиадалық емес – 28 және 9 ұлттық спорт түрі бар.

2022 жылы қала спортшылары ел біріншіліктерінен 628 алтын, 577 күміс, 619 қола медаль жеңіп алса, Азия чемпионаттарынан жерлестеріміз 89 алтын, 58 күміс және 67 қола алып келді. Ал Әлем чемпионаттарынан 60 алтын, 38 күміс және 33 қола медаль ұтып алдық.

 

Шымкенттік атлеттер бүгінгі таңда ел чемпионаттарына, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін ХІХ Азия ойындарына, сондай-ақ, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға лицензияларды жеңіп алу жолында қызу дайындалуда.

 

 

 

https://www.facebook.com/Nomadnews.kz

https://www.instagram.com/nomadnews.kz/

https://www.youtube.com/@nomadnews./featured

https://www.tiktok.com/@nomadnews.kz?lang=ru-RU

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *