Әскердің жауынгерлік рухы -тәрбиеші офицердің қолында

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 19 қаңтар №1084 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының  құрылған күні.

Осы сәттен бастап Қарулы Күштердің қалыптасуы және дамуымен байланысты тәрбие жұмыстары органдарының тарихы бастау алды. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде мыңға жуық тәрбие құрылымдарының офицерлері — жеке құраммен жұмыс жасаудағы барлық деңгейдегі мамандар, әскери бөлімдердегі идеологиялық және психологиялық жұмыс мамандары мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары мен оқу орталықтарындағы оқытушылар қызметтік міндеттерін атқарып келеді.

Тәрбие жұмысы жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің анағұрлым пәрменді нысандарының бірі болып табылады. Онда тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттері арнайы дайындалған ақпараттық материалдар негізінде жеке құрамда дүниетанымдық құндылық жүйесін және әскери-патриоттық сананы  қалыптастыратын ақпараттық оқыту, тәрбиелеу нысандарымен және әдістерімен шебер үйлескен, ол әскери қызметшілердің психикасына және мінез-құлқына жүйелі педагогикалық тұрғыдан ықпал етеді.

Тәрбиеші офицерлер жоғарғы рухани мәдениет пен интелектінің , мінсіз тәрбиенің , заңға бағынушылық пен әділдіктің үлгі –өнегесі болуға тиісті.

Тәрбие жұмысы жеке құрамды әскери-саяси бағдар алуға, қоғамдық маңызды идеалдарды, патриотизм идеяларын, Отанға қызмет ету негізін, мемлекеттік мүддені және жоғары рухани қажеттілікті оның санасында және мінез-құлқында дарыту негізінде жоғары моральдық-психологиялық қасиетті қалыптастыруға бағытталған.

Тәрбиеші офицерлер өз міндеттерінде Қазақстан Республикасын қорғау үшін қажетті моральдық-психологиялық қасиетті қалыптастыруды, әскери қызметшілерде патриоттық сананы, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, әскери борышы мен әскери антына адал болуды, жалпыәскери жарғылардың талаптарын және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын мүлтіксіз орындауды қалыптастырумен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамымен күнделікті қызметте тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастырушы. Сонымен қатар, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, жеке құрамның арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ұжымдарды ынтымақтастыру, қызметтің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, жауынгерлік жарыс ұйымдастыру және оқу мен тәрбиенің озық тәжірибесін насихаттау жөніндегі шараларды жүсеге асырады.

Тәрбиеші офицерлердің – өскелең жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптасуы бағытында алатын орны орасан.

Тәрбиеші офицерлер бастықтармен және штабтармен бірлесіп Жергілікті әскери басқару органдарының ұдайы жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етуге, әскери қызметшілерді қазақстандық патриотизм рухында, Отанға сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін ұстауға, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға күн сайын зор үлес қосуда.

Тәрбие жұмысын оны жауынгерлік даярлықтың міндеттерін табысты орындауға, қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық басқармасы қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлімдерінің тұрақты жауынгерлік даярлығын қолдауға, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, құқықтық негізде дара басшылықты, жеке құрамның әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйін нығайтуға бағыттай отырып, жеке құрамды Қазақстан халқына және оның Президентіне адалдық,   республиканың заңдарын орындау, әскери борыш пен әскери антқа беріктік, Қазақстан Республикасы әскери жарғылардың талаптары мен бұйрықтарды мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жүйелі жүргізуде, осы ретте тәрбие құрылымдары офицерлерінің имиджін күшейту, абыройын және беделін көтеру, жас ұрпақтың әскери-патриоттық сезімін нығайту мақсатында міндеттерін адал атқарған, Тәуелсіз елдің 1992 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде  Шымкент қаласының жергілікті әскери басқару органдарының  облыстық әскери комиссарлардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарларының тәрбие және идеологиялық басқармасы бастықтарын атап өткен жөн деп санаймын, олар запастағы подполковник Кульмухамбетов Рахат Мурзагулович, запастағы подполковник Баратбеков Кожан, запастағы подполковник Керимбаев Абайдулла Турсынбекович, запастағы подполковник Алдабергенов Бабай Танирбергенович, запастағы полковник Арапбаев Сейткерим Сапарбаевич, запастағы полковник Искаков Жомарт Анафияевич, полковник Шинтаев Ажимухан Калмаханович.

Тәрбиеші офицерлер жауынгерлік рухтың белсенді өмірлік ұстанымына, сарбаздардың жауапкершілік пен жанашырлық сезіміне, жауынгерлік ұжымның сенім артқан жауапты тұлға.

Қазіргі уақытта еліміздің Қарулы Күштерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстың біртұтас жүйесі қалыптасқанын сеніммен айтуға болады. Қоғамда әскери қызметшінің кәсібі мен әскери қызметтің өсіп келе жатқан беделі, сондай-ақ әскери ұжымдардың жоғары жауынгерлік рухы мен жұмылуы осының айқын дәлелі.

Тәрбие құрылымдары офицерлерінің имиджін күшейту, абыройын және беделін көтеру, ұрпақтар мұрагерлігін қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар органдарының құрылу күні құрметіне орай, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Еліміз үшін, жарқын болашағымыз үшін, атқарған шынайы қызметтеріңіз үшін,  қажырлы еңбектеріңізге алғысымды білдіре кәсіби мерекемен құттықтаймын. Тәрбие жұмысындағы шынайы әділдіктің үлгі өнегесі болатын жетістіктеріңізге табыс тілеймін.

 Ринат МАДЬЯРОВ
Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *