Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 қаңтарда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», — делінген мәліметте. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

 

http://nomadnews.kz/

https://www.facebook.com/Nomadnews.kz

https://www.instagram.com/nomadnews.kz/

https://www.youtube.com/@nomadnews./featured

https://www.tiktok.com/@nomadnews.kz?lang=ru-RU

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *