Шымкентте полицейлер қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған адамды ұстады
Бүгін сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылды.
Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері келді. Күзетшілер мен белгісіз қарулы адам арасында атыс болды.
Күзетшінің бірі жараланды.
Қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады.
Белгілі болғандай, ер адам, Өзбекстан азаматы, Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады. Одан шолақ мылтық және ұрланған Сайга карабині тәркіленді.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
https://www.facebook.com/Nomadnews.kz
https://www.instagram.com/nomadnews.kz/
https://www.youtube.com/@nomadnews./featured
https://www.tiktok.com/@nomadnews.kz?lang=ru-RU