Шымкентте «Аналар-дәстүрімнің бал қаймағы» атты аналар байқауы өтті

Бүгін Қаратау аудандық ардегерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Аналар-дәстүрімнің бал қаймағы» атты аудандық аналар байқауы өткізілді.

Бастаманың басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазіргі Қазақ Анасы бейнесін қалыптастыру, ұлттық дәстүрімізді, салтымызды жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.

Іс-шара барысында аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы сөз сөйлеп, байқауға қатысқалы отырған барша өнерлі аналарға сәттілік тіледі.

«Ұлттық құндылықтар — халқымыздың басты байлығы. Оны өскелең ұрпақ санасына сіңіру — сіз бен біздің басты парызымыз! Оның ішінде халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау міндетіміз. Қазіргі қоғамда нағыз Қазақ Анасының бейнесін қалыптастыру, қазақ қыздарына ұлт құндылықтарын дәріптеу арқылы біз өз құндылықтарымызды өркендетуге үлес қоса аламыз»-деді өз сөзінде аудан әкімі.

Жалпы байқауда аналар ережеге сәйкес 4 кезең бойынша сынға түсті. Қорытындысында барлық қатысушы аналар арнайы номинациялармен марапатталып, аудан әкімінің сыйлықтарын иемденді.

Жалпы байқау нәтижесіне сәйкес «Парасатты Ана» номинациясымен — Төлепова Талиға, «Асыл Ана» номинациясымен — Нұрымова Зерхан, «Ақ Ана» номинациясымен — Жұмабаева Ақмарал аналарымыз марапатталса, «Дана Ана» номинациясының иегері атанған Исмаилова Болсынай анамыз байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *