Түркістан облысында браконьерлерден 130 келіге жуық балық тәркіленді

Келес ауданы аумағында заңсыз балық аулау деректерін анықтау, алдын алу мақсатында Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы мен аудан полицейлері бірлесіп, рейдік-профилактикалық іс-шара өткізді. Осындай кезекті тексеру кезінде полицейлер Сырдария өзенінің маңында балық аулауға арналған қытай торлармен заңсыз балық аулап отырған үш ер адамды анықтады. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты. Браконьерлерден айғақты зат ретінде үш қытай торы, бір мотор және 150-ге жуық балық тәркіленіп алынды. Балықтың салмағы 127 келі болатын сазан екені расталды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *