Әлемнің ең үздік хор ұжымдары Ыстамбұлда бас қосты

Төрт империяның астанасы болған Ыстамбұлға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылуда. Сәуірдің соңғы күндері әсіресе Ататүрік мәдени орталығында адам қарасы көп. Мұнда дүние жүзілік хор симпозиумы өтуде. Жаhанның ең танымал музыка ұжымдары айдың соңғы бес күні мұнда өнер көрсетпек. Симпозиумға Түркиядан қырыққа жуық және шетелден арнайы шақырылған 11 хор ұжымы қатысады.

Орталыққа бас сұққан туристердің қызығып келетін жерлерінің бірі мұндағы екі қабатты кітапхана. Мәдени-ағартушылық орталыққа әлемдік классикадан бастап, жүзден аса тілде жазылған түрлі елдің ең таңдаулы жауhарлары жинақталған. Сирек кездесетін құжаттар мен қолжазбалар, аудио-бейне материалдарды кездестіруге болады. Кітап қоры 20 мыңнан асады. Сондай ақ, оқырмандарға жайлы әрі қолайлы болу үшін кітапхана ішінің интерьері түгел ағаштан жасалған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *