Әрбір балаға шартсыз жәрдемақы енгізу әлеуметтік тәуелділікке алып келеді — Алтай Көлгінов

Әрбір балаға шартсыз жәрдемақы енгізу әлеуметтік тәуелділікке алып келеді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің жауабында айтылған

«Әлеуметтік кодекс аясында халықтың орташа табысы негізінде кедейлік шегінің мөлшерін есептеу ұсынылады. Ол әлеуметтік көмектің мөлшеріне әсер етеді. Қазақстанда мұндай әдістемені енгізу 2025 жылдан бастап жоспарлануда. Бұл іс-шара аз қамтылған халыққа әлеуметтік көмек мөлшеріне оң әсер етеді деп санаймыз», — деп атап өтеді вице-премьер жауабында.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары 2019 жылғы атаулы әлеуметтік төлемді әрбір балаға белгіленген төлем енгізу түрінде көрсету тәжірибесі теріс әсер еткеніне назар аудартады.

«Атап айтқанда, жалған ажырасулардың өсуіне, алимент мөлшерінің төмендеуіне, ата-ана міндеттемелерін орындаудан жалтаруға, жұмысқа орналасудан бас тартуға, аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасылардың өсуіне және тағы басқаларына ықпал етті. Осыған байланысты, әрбір балаға шартсыз балалар жәрдемақысын енгізу едәуір бюджет шығындарына және де әлеуметтік тәуелділікке алып келеді. Бұл Мемлекет басшысының шынымен мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету және өз отбасы үшін жауапкершілігін арттыру бөлігіндегі тапсырмасына қайшы келеді», — деді Алтай Көлгінов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *