ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДАРЫНА «РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫН» ТАРТУ ЕТТІ

Түркістан облысында әр жылдары мектеп бітірген түлектер ауылға, білім ордаларына және мұқтаж отбасыларға, қомақты сый жасап, туған жерлерін түлетуге атсалысуды дәстүрге айналдырған. Сол игі іс биыл да жалғасып жатыр.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында ынтымағы мен бірлігі жарасқан Созақ ауылының жастары игілікті істің жаршысы болды. Аталған ауылдағы Созақ жалпы орта мектебі гимназиясынан 20 жыл бұрын түлеп ұшқан азаматтар ауылға кіреберіс тұстағы «Жастар» саябағының алдына биіктігі 25 метрлік «Ту тұғырын» орнатып, «Рәміздер аллеясын» тарту етті.

Бүгін мерекеге орай Созақ ауылдық округі әкімдігі мен ауыл жастарының ұйымдастыруымен аталған аллеяда Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран шырқалды.

Игі істің басы-қасында жүрген білім ордасының 2003 жылғы түлегі Ғабит Байғонысұлы егемен еліміз үшін Рәміздер күнінің мән-маңызы ерекше екенін айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *