АПТАПТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Шымкентте жаздың алғашқы аптасынан-ақ аптап бет қаратпай тұр. «Қазгидромет» мекемесі берген мәліметтерге сүйенсек, еліміздің оңтүстігі және Шымкент қаласында апта аяғында сынап бағанасы +40+43 градусқа көтеріледі. Дегенмен, түнде қапырық басылып, ауа температурасы 20-25 градусқа төмендейді.

Синоптиктердің болжамынша:
-5-6 маусымда мегаполисте ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі.
-7 маусымда аспан бұлттанып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, ауа температурасы күндіз 37-39 градусқа жоғарылап, кешке 20-22 градусқа түседі.
-8-9 маусымда 43 градусқа дейін жоғарылайды.
Сондықтан қалада өрттің орын алу ықтималдығы жоғары. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Медицина саласының мамандары да жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар науқастарға ыстықтан сақтануға кеңес береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *