ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов пен Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға және Қазақстан халқының дәстүрлерін сақтауға бағытталған. Бірлескен қоғамдық, мәдени-бұқаралық және ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды өткізуді көздейді.

Қалалық партия төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы «AMANAT» партиясы әрқашан татулық, тұрақтылық, еңбекқорлық және отбасы мұратына адалдық сияқты ортақ мызғымас құндылықтарды нығайтуды жақтайтынын мәлімдеді.

«AMANAT» партиясының мемлекеттік тілді дамыту, ұлтаралық келісімді, әйел құқығын қорғауды қолдау үшін әлеуеті жеткілікті. Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім еліміздің өркендеуінің шешуші шарты екеніне сенімдімін», — деді ол.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов біріктіруші ортақ құндылықтарды, идеяларды насихаттау керектігін атап өтті. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясымен бұған дейін де тығыз жұмыс істеп келгендігін, бірлескен жұмысты әрі қарай да жалғастыратынын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *