КЕЛЕС: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ

Келес ауданындағы есептік кездесуден кейін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауылдарды аралап, халықты толғандырған мәселелерді сұрады. Оларды заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Абай ауылы мен Жамбыл және Ақтөбе елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, ауыл тұрғындарының талап-тілегін тыңдады. Атқарылған жұмыстарды ел таразысына салды. Аймақ басшысы тұрғындардың көтерген мәселелерінің назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Облыс әкімі ауылдврды дамытуға, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, ауылға жастарды тұрақтандыруға көп көңіл бөліп отыр. Әкім ауыл тұрғындарының бірқатар мәселесін көп күттірмей, шешіп берді. Дархан Сатыбалдының қатысуымен Келес ауданы, Жамбыл ауылының тұрғындарымен тілдесті. Өңірде қолға алынып жатқан жаңа жобалар жайлы айтып берді. Тұрғындар әлеуметтік мәселелерді көтерді. Инфрақұрылым, жұмыс орындары және кәсіпкерлерге көмек туралы айтылды. Саябақ салу туралы айтты. Облыс әкімі тұрғындар көтерген барлық мәселе жіті назарда болатындығын жеткізді.

— Істеліп жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға, ауылдарымыздың әлеуетін көтеруге бағытталған. Бұл сапарымыздың мақсаты да осы. Ел-елді аралап, сіздердің жағдайларыңызды өз көзімізбен көру. Көріп қана қоймай, кемшілік пен жетіспеушіліктің салдарын қарау, барынша айтылған мәселелер бойынша жұмыс жүргіземіз,– деді облыс әкімі тұрғындармен кездесуінде.

Кездесу Қошқарата ауылдық округі Жамбыл елді мекенінде бой көтерген мәдениет үйінде өтті. Жаңа нысан жақын күнде ел игілігіне беріледі.

Облыс әкімі 150 орындық клуб және кітапхана құрылыс жұмыстарымен танысты.
— Біздің ең басты мақсатымыз — халықтың әлеуметтік жағдайын барынша көтеру. Жергілікті тұрғындар атқарушы билікпен бірге бірлесіп жұмыс істеу керек. Сонда нақты нәтиже мен үлкен жетістікке қол жеткізуге болады.

Әкімдік пен халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ауызбіршілікте жұмыс істесек қана кез келген қиындықты еңсере аламыз,-деді облыс әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *