Келестегі шағын және орта бизнестің саны былтыр 13 мыңға жетті. Олармен өндірілген өнім көлемі 33 млрд. теңгені құрады. Биыл Келес ауданында қосымша 2,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Аудан бюджетінің өзіндік кірісі соңғы 3 жылда 34 пайызға артып, былтыр 1,8 млрд. теңгені құрады. Биыл 6 айда бюджеттің өзіндік кірістері 1,6 млрд. теңгеге орындалып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға ұлғайған. Ауыл шаруашылығының даму қарқыны тұрақты. Жалпы 26 мың гектар суармалы егіс алқаптары орналасқан. Озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 өнім алу бойынша былтыр 350 шаруа қожалық жалпы 1,5 мың гектарға егіс еккен. 2027 жылы бұл көрсеткішті 4 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.
Ағын суды үнемдеу мақсатында 348 гектар тамшылатып суғару әдісі енгізілді. Бұл әдіс негізінен алма бауларына қолданылған. 2027 жылға 3 мың гектарға тамшылатып суғару әдісін енгізу жоспарлануда.
«Ауыл аманаты» бойынша Келес ауданда 114 жоба бойынша құжаттары мақұлданып, 52 жобаға 258 млн. теңге несие берілді.
Соңғы 3 жылда сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 23 пайызға артып, 81 пайызды құрады. Қазіргі уақытта аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту үшін 3 млрд. теңгеге 5 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Сапалы электр жүйесімен қамтылу 76 пайызды құрады. Аудан аумағында 8 елді мекеннің құрылысы жүргізіліп, биыл пайдалануға тапсырылады. Абай ауылының жаңа тұрғын жайларын электрмен қамту үшін 290 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары биыл аяқталады.
Көшелер жарықтандырылып, биыл 8 елді мекеннің газдандыру жұмыстары аяқталды. Қамту көрсеткіші 77 пайызды құрады. Жұмыстар жалғасуда. Облыстық маңызы бар «Абай – Шардара» жолының 29 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары тамыз айында басталады (жалпы құны – 1 851млн.тенге).
300 орындық 2 мектептің құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Келес ауданында жаңадан 5 мектеп салынады. Бұдан бөлек, Ескіқорған, Жуантөбе елді мекендерінде 300 орындық мектептердің құрылысы келесі жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға беріледі.
Соңғы 3 жылда аудан аумағында 8 кіші футбол алаңшалары салынды. Биыл Абай ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды. Нысан 2024 жылға өтпелі (1,8 млрд. теңге, 600 млн. теңге бөлінді).
Ұлттық жобалар бойынша осы жылы жаңа жұмыс орындарына 273 адамды жұмыспен қамту көзделген. «Еңбек» бағыты бойынша 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 100-ден астам адам жұмыспен қамтылды.
Кездесуде облыс әкіміне Келес ауданының тұрғындары түрлі ұсыныстары мен пікірлерін айтты, өтініштерін жеткізді. Сонымен бірге жеке қабылдауда да өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір сұраққа жауап беріліп, хаттамаға енгізілді. Облыс әкімінің халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.