ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

Елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Жетісай ауданында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бойынша аудан әкімі Серік Мамытов жүйелі жұмыстар атқарып келеді.
Биыл жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор мен облыстық, аудандық бюджеттердің есебінен 1 млрд 983,5 млн теңге қаржы қаралған. Аталмыш қаржылар есебінен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1 млрд 111,1 млн теңгеге Атамекен, Қызылқұм, Арай, Сейфуллин (Жылы су), Сұлубұлақ елді мекендерінде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн теңгеге жалпы ұындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Одан бөлек, 55,1 млн теңгеге жалпы ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізіледі. Елді мекендерге кіреберіс 2 көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 20 млн теңге бөлінсе, аудандық маңызы бар 3 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджет есебінен 60,2 млн теңге қаралған.

Сонымен қатар, қоғамдық көлікті субсидиялау үшін 63 млн. теңге, автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарына 30 млн теңге, бағдаршам орнату жұмыстарына 10,9 млн теңге, бағдаршамдар мен бейнебақылау камераларын күтіп-ұстау жұмыстарына 6 млн теңге, бейнебақылау камераларын орнатуға ЖСҚ әзірлеу жұмыстарына 3 млн теңге бағытталған.
Айта кетейік, өткен жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қордан, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 млрд 901,3 млн теңге бөлініп, 1 млрд 418,2 млн теңгеге жалпы ұзындығы 65,7 шақырымды құрайтын 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ішкі жолдарға төселіп жатқан асфальттардың сапасы мен құрамын, қалыңдығы мен енінің ұзындығы аудан әкімінің назарында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *