Түркістан облысына қарасты Келес ауданында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламалар бөлімінің жанынан Әлеуметтік психологиялық сүйеумелдеу бөлімшесі іске қосылған болатын. Бөлімшеде заңгер, психологтар мен қатар әлеуметтік қызметкерлер аудан тұрғындарына сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді.
Аталған қолдау орталығының жұмыс барысымен Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Асия Темірбаева арнайы танысып, жауапты мамандарға бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
— Бұл орталықтың жұмысымен жіті таныспын. Қолдау орталығы бүгінгі таңда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасыларға құқықтық, психологиялық тұрғыда және әлеуметтік көмек көрсету бойынша түрлі жұмыстар атқарып келеді. Мәліметтерге сәйкес жыл басынан бері орталықтың қызметіне 128 азамат жүгінген. Алдағы уақытта «Отбасын қолдау орталығы» бағдарламасына сәйкес аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында “Қамқорлық” және “Бақытты отбасы” бағдарламалары біріктіріліп аудан тұрғындарына қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда, — деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар жаңа орталық, отбасындағы орын алып жатқан ұрыс-керістің алдын-алу, шаңырақ ынтымағын сақтау сондай-ақ түрлі жағдайда, қиындыққа ұшыраған отбасыларға қол ұшын созу мақсатында бой көтереді.
2020 жылдан бастап Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу және олармен әлеуметтік келісімшарт жасасу қағидатын күшейту жолымен ашықтықты, әділдікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында АӘК көрсету тетігі қайта қаралды. АӘК тағайындауға өтініш берген кезде өтініш беруші тек жеке басын куәландыратын құжатты ұсынатынын айта кету керек.
Қажетті деректерді жинауды жергілікті атқарушы орган мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде орындайды. Олар болмаған кезде мемлекеттік органдарға жазбаша сұрау салу ресімделеді не өтініш берушінің оларды өз бетінше ұсынуға мүмкіндігі болады. Осылайша, ақпараттық жүйелерде отбасы туралы деректер болған кезде АӘК тағайындау бойынша қиындықтар туындамайды.
Отбасының цифрлық картасының мәліметтері әлеуметтік қорғау шараларында мұқтаж отбасыларды айқындау, оның ішінде проактивті мемлекеттік қызметтер көрсету үшін негіз болып отыр.
Әлеуметтік кодекс шеңберінде халықтың орташа табысы негізінде кедейлік шегінің мөлшерін есептеу ұсынылады, ол әлеуметтік көмектің мөлшеріне әсер етеді. Қазақстанда мұндай әдістемені енгізу 2025 жылдан бастап жоспарлануда. Бұл шара аз қамтылған халыққа әлеуметтік көмек мөлшеріне оң әсер етеді деп санаймыз.