ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУАЛАРДЫҢ 9 ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

Биыл Ордабасы ауданында өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының есепті кездесуінде тұрғындар көтерген мәселелер шешімін тапты. Атап айтқанда, осыған дейін әкіммен кездескен тұрғындардың өтінішімен Темірлан ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды. Көлтоғанелді мекеніндегі орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Темірлан ауылына ауыз су жүйесі жүргізілді. Жолдар жөнделді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен есептік кездесуі бүгін Ордабасы ауданында жалғасты. Ел алдында есеп берген облыс басшысы биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылап, іске асқан жұмыстардың мән-жайын тұрғындарға баяндады. Алға қойылған мақсат-міндеттер мен қолға алынатын маңызды жобаларды халыққа жеткізді.
Облыс әкімі баяндағандай, Төрткүл ауылының тұрғындары көтерген табиғи газбен қамту мәселесін шешу үшін бюджеттен 829 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл жыл соңына дейін осы мәселені шешу үшін 75 жедел-жәрдем автокөлігін сатып алу жоспарлануда. Ұялыжар ауылынан талапқа сай 9 гектар жерге жеке кәсіпкер есебінен полигон салынуда. Бұдан бөлек, ауданда заңсыз жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша тексеру барысында, қыш зауыттың аумағынан топырақ қазу фактісі анықталды. Жер қойнауына келтірілген залал көлемі зерделеніп, құжаттар құзырлы органдарға жолданды.

Облыс әкімінің халықпен кездесуіне келген ордабасылық шаруалар 9 жылға созылған жер дауының шешілгенін қуанышпен жеткізді. Осыған дейін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінде мәселе көтерген өндірістік кооператив мүшелері 24 рет рет соттасып, енді ғана мәмілеге келген. Мәселе шешілді. Қос тарап келісіп, шығындар өтелген.
Кездесуде облыс әкіміне Ордабасы ауданының тұрғындары түрлі ұсыныстары мен пікірлерін айтты, өтініштерін жеткізді. Сонымен бірге жеке қабылдауда да өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір сұраққа жауап беріліп, хаттамаға енгізілді. Облыс әкімінің халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.

Спорт алаңын салып беруді сұраған тұрғынға облыс әкімі бұл шараларға аудан басшылығына жергілікті кәсіпкерлерді тартуды тапсырды. Туған жерді түлетуге қол ұшын созып жүрген азаматтардың артқанын айтты. Сондай-ақ кездесуде өндірістік қоқыс мәселесі көтерілді. Бұл жағдай құзырлы органдардың бақылауында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *