САРЫАҒАШ: АУДАНДА «АУЫЛ-ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Аудан әкімі Арман Абдуллаев «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған Құркелес ауылдық округіндегі Пупащенко және Қажымұқан көшелеріне арнайы барып, аралап көрді.
Айта кетсек, ағымдағы жылы Құркелес ауылдық округі бойынша «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 15 көше орташа жөндеуден өтуде.

Ендігі кезекте, Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекеніне қарасты Аль-Фараби, Пупащенко және Қажымұқан көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары қаржыландыру жоспарына сәйкес, 10 қыркүйектен бастап асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2019 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жоспарлы түрде басым тәртіппен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту есебінен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.

Бұл үшін 2019-2022 жылдары респуб­ликалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылды. Атап айтқанда, 334 тұрғын үй-комму­налдық шаруашылық нысаны, 1,2 мың әлеу­меттік инфрақұрылым нысаны және 2,2 мың көлік инфрақұрылымы нысанын жаңадан салуға және жөндеуге мүм­кіндік берді, шамамен 30 мың жұмыс орны құрылды.2023 жылы министрлік облыс әкім­дік­терімен бірлесіп, 736 ауылдық елді мекенде 143 млрд теңге сомасына 1,5 мың жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде 102 млрд теңгесі жалпы сипаттағы трансферттерде есептеліп, жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына берілді. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 119 жобаны, әлеуметтік инфрақұрылымның 275 жобасын, оның ішінде 91 білім беру, 45 денсаулық сақтау, 139 мәдениет және спорт саласындағы жобаларды іске асыруға және ауыл ішіндегі жолдарды жақсартуға бағытталған 1,1 мың жобаны орындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта сапалық көрсет­кіш­терді енгізуді ескере отырып, өңірлік стандарттар жүйесінің жаңа форматы әзірленді. Өңірлік стандарттар жүйесінің жаңа форматына әкімшілік-аумақтық бірліктердің мәртебесін қосуды ескере отырып, цифрлы көрсеткішпен бірге сапалық сипаттама жүйесін енгізу арқылы интегралдық бағалау енгізілді. Сонымен қатар 12 бағыт бойынша санаттау және бағыттар бойынша қамтамасыз етуді есептеу көзделген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *