Ана мен бала құқығын қорғау – Қазақстаннының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағытының бірі. Әрине, Ата заңда көрсетілгендей мемлекеттің ең басты қазынасы – адам және оның өмірі. Бұл мүлтіксіз орындалуы тиіс құндылық. Алайда, қоғамның түрлі тобының ішінде әлеуметтік ең әлсіз санатына жататын ана мен балаға деген қамқорлық та, қолдау басты Ата заң –Конституциясында өзін әлеуметтік деп жариялаған мемлекетте ұдайы һәм жүйелі жүргізілуі тиіс.
Өркениет қағидаттарына негізделген кез-келген азаматтық қоғамда халқының құқығы мен бостандығы бірінші кезекте қорғалуы шарт. Әрине, Қазақстанда бұл бағытта нақты қалыптасқан жүйе, реттеу тетіктері жолға қойылған. Бұл мәселемен айналысатын орталықтар мен мекемелер елімізде аз емес.
Балалар мәселесін үнемі басты назарда ұстайтын Президентіміз өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуымен бақытты балалық шағы жалпыұлттық міндет екенін айтып, 2022 жылды Қазақстанда «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Мемлекет үшін балалардың ең алдымен қаржылық-материалдық қамтамасыз етілу басты шарт. Бұл орайда, Мемлекет басшысының Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының 50 пайызын 18-ге толмаған балалардың жеке шоттарына аудару туралы ұсынысы қоғамның қызу қолдауына ие болды.
Бүгін Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат» жөніндегі комиссия мүшелерінің және уәкілдердің қатысуымен бала құқықтары жайлы жиналыс өтті.
Жиын барысында қоғам мәселесіне айналған бала тәрбиесі, баланың сабаққа деген ынтасын арттыру, бала психикасымен жұмыс жасау жолдары талқыланды. Сонымен қатар, үйде отырған аналардың жиі күйзеліске ұшырауы, және оның салдары мен қалай шығу жолдарына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды. Қоғам дертіне айналған отбасыда зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыз-келіншектер мен жаөспірімдерді дерттен айықтыру мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге, балалар тап болатын қауіп-қатер түрлері мен оны жою жолдарына қатысты бірнеше ұсыныстар құру, сондай-ақ кәсіп ашқысы келетін әйелдермен ауданның кәсіпкер қыз-келіншектері арасында тәжірибе алмасу, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие жайлы бірқатар ұсыныс тілектер айтылды.
Салт-дәстүріміз жастар арасында дәріптеу көпті көрген ақ жаулықты әжелерімізден сабақ алу керектігі дөп басып айтылды. Ел үмітін ақтайтын саналы ұрпақ қалыптастыру басты мақсат екендігін жеткізді коммисия мүшелері.
Жиын соңында шараға қатысушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, ұрпақ үшін келер қауіпке қарсы тұру, қазіргі қоғамдағы балалардың тәрбиесін жақсарту, психологиямен арнайы жұмыс жасау, бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуді насихаттау бағыттарында ұсыныстар жайы талқыланды.