Шымкенттегі қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесі енгізіледі

Жыл басынан бері Шымкентте 21 көлік компаниясына кемшіліктерді жою жөнінде 67 ескерту хат жолданған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын бақылау мақсатында көлік компанияларының өкілдерімен бірге рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. 2019 жылдың нәтижесінде талапты сақтамаған екі бағытпен келісім-шарт бұзылған.

Қалада 2018 жылы әлеуметтік маңызы жалпы 10 бағыт бойынша автобустар шалғайдағы шағынаудандарға қатынай бастады. Атап өтсек, 55, 141, 142, 143, 144, 146, 147, 148, 149 және 150 бағыттары күнделікті қала тұрғындарын тасымалдауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *