Педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалады. Мақтааралда «Жайлы мектеп» жобасымен 5 білім ұясының құрылысы басталды . Биыл облыс көлемінде білім саласы бойынша оң өзгерістер орын алуда. Бала санының артуына байланысты пилоттық жобалар аясында аудандарда білім ошақтары бой көтеруде. Осы тұста Мақтаарал ауданында 200 балаға арналған 4 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар Жайлы мектеп ұлттық жобасымен тағы 5 мектеп салынуда. Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков аудандағы құрылысы жүріп жатқан мектептерді аралау барысында анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша мердігер мекемелердің басшыларына сын ескертулер берді. Құрылысы жүріп жатқан мектептердің сапалы болуы басты назарда. Аталған мектептерде пәндік кабинеттер оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен толықтай жабдықталады деп күтілуде. Сондай-ақ онда оқушылардың сапалы білімге қанық болып өсуі мен жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалады.
Сарыағаш ауданында 300 орындық, Сайрам ауданында 300 орындық, Түлкібас ауданындағы 150 орындық, Арыс қаласындағы 200 орындық мектептердің құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, 1 қыркүйекте тапсырылады. Келес ауданындағы Абай атындағы №46 мектепке қосымша 300 орындық ғимарат салу жұмысы да қатаң бақылауда. Сонымен бірге Түркістан қаласында 500 орындық жатақханасы бар 700 орынға арналған мектеп-интернат та жаңа оқу жылында ашылады деп күтілуде. Басқарма тарапынан өз міндеттерін дұрыс атқармай отырған мердігерлерге заң аясында шаралар қабылданып, айыппұлдар салынған.
Өңір басшысы мектеп құрылысына немқұрайлы қараған кейбір мердігерлермен келісімшартты үзуді тапсырды.
Өңірде Түркістан білім басқармасына қарасты 1275 білім беру мекемесі жұмыс істейді. 2021 жылы – 13 мектеп, 2022 жылы 16 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2023 жылға 20 білім ұясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы қаралды. Қазір 4 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілген. 11 мектеп қыркүйек айына дейін дайын болады. 5 мектептің қаржысы мен жөндеу жұмыстары 2024 жылға өтпелі.