ТҮРКІСТАН: ЕКІ КҮНДЕ ШАРДАРАЛЫҚ 21 СПОРТШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Алматы қаласында армрестлингтен 44-ші әлем чемпионатының 2-ші күні мәресіне жетті. Жас-жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасында өткен Әлемдік додада Түркістан облысы, Шардара ауданының спортшылары 21 алтын алқаны қанжығаларына байлап, Әнұранды 21 рет шырқатты.

Жас жеткіншектер арасында Маманияз Жасурбек, Алдан Нұрсұлтан, Мелдебек Болат, Абсаттар Нұрисла, Оралбай Ұлжан, жасөспірімдер арасында Бекхан Нұрислам, Сәрсенбай Жармахан, Ибрагим Әділет, Тұрғанбек Тұрарбек, Басымбек Нұрболат, Полат Ермахан, Роман Данияр, Тазабек Зейнеп, Абдулла Аружан, Оразхан Ырысты, жастар арасында Зәрубек Санжар, Қожантай Бекжан, Қадір Нұрхан, Самат Мұқасан, Ақтай Бекқуат, Мәлікайдар Лаззат жеңіс тұғырынан көрінді.
Әлемдік дода тамыз айының 29-31 күндері аралығында ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтсе, қыркүйек айының 1-2 күндері аралығында ересектер арасында өтеді.

Cоңғы уақытта Түркістан қаласы жаңа қарқынмен дамып, жаңа спорттық нысандардың көптеп бой көтеруі өңірде спортшы жастар, чемпиондар көбейетініне сенімді арттыра түсетінін облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жабылу салтанатында айтты. «Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қазақты ат спортына жетелейтін осындай жобалар жалғасын таба берсін. Азаматтарымыз аттан түспесін! Халқымыздың мәртебесі биіктей берсін!»,– деді Д.Сатыбалды. Мәдениет және спорт министрлігі және «The Great Steppe tour» қоғамдық қорының бастамасымен, «Amanat» партиясының қолдауымен ,былтыр 18 қыркүйекте Астана қаласында «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталған болатын. Алғаш рет ұйымдастырылған аламанға елміздің 19 аймағынан 19 команда, 200-ге жуық сәйгүлік қатысуға ниет білдірген. Әр команда марафон-бәйгеге бес аттан қосып, 600 шақырымнан кейін аттарды ауыстырып отырды. Олар күніне 100 шақырымды бағындырды. Сайыстың соңғы күні 4 команда – Түркістан, Маңғыстау, Жетісу және Жамбыл облыстарының шабандоздары ғана жарыс жолын жалғастырып, Түркістанға жетті. Түркістан жұртшылығы 1200 шақырымды 11 күнде бағындырған батырларды үлкен қошеметпен қарсы алды. Бәйгенің жеңімпазы атанған Маңғыстаудың «Көкмойнақ» командасына 24 млн теңгенің сертификаты тапсырылды. Екінші орын атанған Жетісу өңірінің «Жетісу» командасына 12 млн теңге жүлде тарту етілcе, мәреге үшінші болып жеткен Түркістандық «Теріскей» командасының шабандоздары 9 млн теңге сыйақыны қанжығаларына байлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *