ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ: ҚЫЗМЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Есен Алданиязовтың төрағалығымен жиын болып өтті.

Басқосуға қала, кент, барлық ауылдық округтердің әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Аталмыш жиында Жетісай ауданы әкімі аппаратына жыл басынан бері келіп түскен арыз-шағымдар мен құжат айналымының қаралу барысы, жіберілген кемшіліктер сөз болды.
Жыл басынан бері аудан әкімі аппаратына келіп түскен 4223 құжаттың 2602-сі жоғары тұрған органдардан болса, 2198-і аудан мекемелерінен.

Ал, осы мерзім ішінде түскен 2399 өтініштің 2219-ы қаралып, 1849 өтінішке қолайлы әкімшілік, 45 өтінішке ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданып, 64-і арыз иесінің өтінішіне сәйкес қараусыз қалдырылған. 115 өтініш тиістілігіне қарай басқа органдарға жолданса, қалған 133 өтініш мерзіміне сәйкес орындалу үстінде.

Тиісті бөлім тарапынан жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бірқатар әкімдіктерде өтінішті орындау кезінде өтініш иесінің алдын ала жауаппен келісуі туралы және тыңдау жүргізуді ұйымдастыру деректері жүйеде қамтылмай, өтініш иелеріне тиісті түсіндірме жұмыстарының жүргізілмеуі салдарынан қайта арыздануына әкеп соққан.

Сондай-ақ, жиында қатысушыларға Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 1-30 қыркүйек аралығында жүргізілетіндігі, өтінім беру pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болатындығы айтылды.

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында өткізілетір Президенттік жастар кадр резервінің үшінші іріктеуіне 35 жастан аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Сонымен қатар, Жетісай ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымын қалыптастыру, адам бойына қажетті құндылық қатынастар мен қабілеттерін дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан ілкімді істердің барысымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлық салдарынан қоғамға, өнеркәсіпке келтірілетін зияндар мен кері әсерлері түсіндірілді.

Жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Есен Әшірханұлы жіберілген кемшіліктерді қысқа мерзімде түзетуді, жазылған өтініштер мен арыз-шағымдарға дер кезінде жауап беруді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *