Білім беру қызметіне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алмай жұмыс жүргізген 3 (үш) білім беру ұйымдарына Департамент тарапынан «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік бұзушылық туралы хаттама толтырылып, Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотымен және Қазығұрт, Төлеби аудандарының сотымен кінәлі деп танылып, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасын алу үшін «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығын басшылыққа алу қажет.
2022 жылдың есепті кезеңінде лицензия және лицензияға қосымша алу туралы 320 өтініш түскен. Оның 92-і қанағаттандырылып, біліктілік талаптарына сәйкес келмеген 228-нен бас тартылған.Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 63 білім нысанына мониторинг жүргізілген. Жергілікті атқарушы органға құрылыстың орналасуы және бөлінген жер телімдері бойынша ұсынымдар берілді.Сондай-ақ, педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмыс жоспарына сәйкес 17 мәселе қаралған. Оның ішінде білім беру ұйымдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар берілген. Атап айтқанда, 3 білім беру ұйымының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып қызметіне кіріскен сәтте он бағыт бойынша тапсырма берген болатын. Оның ішінде әрине білім саласы, жаңа мектеп салу, үш ауысыммен оқитын мектептердің мәселесін толық шешуге айқындық танытқан. Әсіресе шағын қалалар мен аудан орталықтарында, ауылдық жерлердегі бес мыңнан астам мектепті қайта жаңғырту керектігін атап көрсеткен еді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұрынғы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 4 жыл ішінде 500 мың педагогтің жалақысын 2 есеге арттыру қарастыруды басшылыққа алды.
Экс министрдің айтуынша, педагогтерді қайта даярлаудың, біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі енгізіп, алдағы уақытта балабақша, қосымша білім беру, колледж педагогтерінің жалақыларын көбейтуді бастап кетті.
Тағы бір маңызды мәселе — қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту. Осы және өзге де білім беру саласындағы мәселелерді нақты шешуге және оны одан әрі дамытуға бағытталған жұмыстарды қазіргі Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев мырза жалғастыруда. Ол білім сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне және білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын азайтуға баса назар аударуда.
Одан өзге тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамтуды қамтамасыз ету көзделіп отыр. Ол үшін мемлекеттік тапсырысты 2026 жылға дейін 15,5 мың орынға дейін арттыру жоспарлануда. “6950 маман кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша оқып, 100% жұмысқа орналастырылады. Колледж студенттерінің стипендиясын 50%-ға арттыру бойынша шаралар қабылдануда