Ауқымды педагогикалық кеңеске 200 мұғалім дәстүрлі форматта қатысса, 3500 ұстаз қашықтан қосылды. Зияткерлік мектептердің дәстүрлі Тамыз конференциясы – киелі Түркістанда. Бүгін «Кәсіби оқыту қоғамдастығының дамуы: сапа мен тиімділік» атты NIS-тің жыл сайынғы Тамыз конференциясы Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғасын тапты. Ауқымды педагогикалық кеңеске 200 мұғалім дәстүрлі форматта қатысса, 3500 ұстаз қашықтан қосылды. Ресми ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин қатысушыларды NIS-тің 15 жылдығымен құттықтап, жаңа оқу жылының басты басымдықтарын «Кәсіби оқыту қауымдастығын құру арқылы NIS болашағын қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасында айқындады. «Алдағы академиялық жылда 2 негізгі бағыт – жаңартылған бағдарлама және когнитивті емес дағдыларды бағалауды бастаймыз. Бұл қалыптасқан машықтан құзыреттілікке көшуге, оқыту мен тәрбиелеуді интеграциялауға негізделген. Жалпы тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру – жаңа оқу жылындағы ең маңызды міндеттердің бірі», — деді ол өз сөзінде. Сондай-ақ, Тамыз кеңесінде оқушыларға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында айрықша рөл атқарып жүрген Зияткерлік мектептердің 130 ұстазы мен қызметкері «15 жыл – 15 номинация» аясында арнайы құрмет грамоталарын иеленіп, алғысхаттармен марапатталды. Айта кетейік, зияткерлік мектептердің Тамыз конференциясы Түркістан қаласында 21-22 тамыз аралығында өтті. Екі күн бойы NIS педагогтері тақырыптық және тәжірибелік алаңдарда біліктілігін арттырып, пікір алмасып, жаңа оқу жылындағы жаңалықтар мен дайындықтарды сараптады.
әрбір 7-ші бала Түркістан облысында білім алады деген сөз. 2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында облыста кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Мемлекеттік бюджеттен бөлек орта білім саласын жеке сектордың инвестициялауы арқылы дамыту қарқынды жүргізілуде. 2021 жылмен салыстырғанда жекеменшік мектептер саны 17-ге артып (31%), бүгінгі таңда облыста 56-ға жетіп отыр. Облыста 1406 мектепке дейінгі ұйым қызмет етуде. Түркістан облысы республикада балабақша ашу көрсеткіші бойынша да алдыңғы орында.
Тамыз кеңесінде білім сапасын арттыру, «TURKISTAN BILIMI» стратегиялық даму жоспары әзірлеу, кітапханаларды цифрландыру, ұстаздардың білімін арттыру, мектеп тапшылығын жою және өзге де мәселелер талқыланып, маңызды баяндамалар жасалды. Ұстаздардың кеңесі талантты оқушылардың концерттік бағдарласымен өрнектелді.
Айта кетейік, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерім сапасы 69,4 пайызды құрап, алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 5,7 пайызға өскен. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республика көлемінде «100 үздік мектеп» тізіміне Түркістан облысының 11 мектебі енді. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада екінші орында тұр.