ТҮРКІСТАН: ”Балаларды мектепке даярлаймыз” акциясы өтті

30 бүлдіршінге мектепке қажетті құрал — жабдықтар табысталды. Түркістанда ”Балаларды мектепке даярлаймыз” қайырымдылық акциясы өтті. Бүгін, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының Фракция жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Түркістан қаласына келді. Парламент Мәжілісінің депутаты киелі өңірге сапарын алдымен балаларды қуантудан бастады. Оқушылар сарайында өткен «Балаларды мектепке даярлаймыз» атты акцияға қатысты. Игі шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы және БАҚ өкілдері қатысты.

Акция мақсаты, мектеп жасындағы балаларды мектепке толық қамтуға жағдай жасау, жаңа қарқынмен, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялату. Шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы сөз сөйлеп, жаңа оқу жылымен көпшілікті құттықтады. «Біз балаларымыздың жайлы мектептерде оқып, білікті азамат болып шығуына бар күш-жігерімізді саламыз. Сайлауалды бағдарламамыз аясында бүкіл ел аумағында мектеп тапшылығын жойып, заманауи үлгідегі оқу ғимараттарының салынуын қамтамасыз етеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Білімді ұрпақ тәрбиелеу – біздің қасиетті борышымыз», — деді Е.Бейсенбаев.

Фракция жетекшісі акция аясында 30 бүлдіршінге мектепке қажетті құрал — жабдықтар табыстап, естелік суретке түсті. Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлаймыз» атты қайырымдылық акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Акция биыл «Балаларға көмек берейік» ұранымен жалғасып отыр. Елнұр Сабыржанұлы шара соңында оқушылар сарайын аралап, балалар қатысатын түрлі үйірмелердің жұмыстарымен танысты. Оқушылар сарайы алты негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді: «Технопарк және IT Sana», «ЛингвоLand», «Спорт», «Ғылым қалашығы», «Шығармашылық», «Өнер» бөлімдерінде алпыстан астам үйірмелер бар.

Жаңа оқу жылына жалпы облыстық бюджеттен әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 2500 ден астам балаға, мұнан бөлек аудан әкімі Азат Оралбаевтың арнайы тапсырмасымен дербес бөлімдер, ауыл әкімшілігі мен кәсіпкерлер тарапынан да балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектермен қамтамасыз етілді.

Бұл реткі «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесінің мақсаты – оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.

Жәрмеңкеге 100 шақты жеке кәсіпкердің тігін фабрикасының дайын өнімдері, Шымкент қаласының «АвтоНұр» сауда орталықтарының өкілдері, сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер күзгі оқу маусымына қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және тағы басқа тауарларын 20-30 пайыздық жеңілдікпен ұсынды. Айта кетерлігі, аталған науқандық акция осы уақыт аралығында ауданның барлық ауыл окургтері мен ауыл, елді мекендерінде жалғасын табуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *