Бүгін республикалық тамыз кеңесі аясында «Біртұтатас тәрбие бағдарламасы: зерттеулер мен іске асыру тетіктері” жұмысының таныстырылымы өтті. Тәрбие семинарына ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының» директоры Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы және Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жетекші сарапшысы Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы
қатысты.
Семинарды Түркістан облысы Білім басқармасының «Облыстық Білім беруді дамыту» орталығының директоры Бақытжан Нұрмаханбетұлы жүргізіп отырды.
Сондай-ақ, облысымыздың педагог қызметкерлері, білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік кабинеттің әдіскерлері қатысып, бағдарламаға қатысты ойларын ортаға салды.
Аталған жиында сала мамандарымен “Біртұтатас тәрбие бағдарламасы” толық талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Бала тәрбиесінің маңыздылығы айшықталып, сұрақ-жауап арқылы қызметкерлер көкейдегі сауалдарына жауап ала алды.
Тамыз кеңесіне арнайы келген спикерлер республикалық педагогтер жиынында Түркістан облысына берілген негізгі тақырып “Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие” атты идея рухани астанаға жайдан-жай берілмегенін атап өтті. Қаймағы бұзылмаған, қазақылықты ұстанған өлке үшін тәрбие деген ұғымның алыс емес екендігін тілге тиек етті.
Айта кетейік, тамыз кеңесі екі күнге жоспарланған. Бірінші күні панельдік секция жұмыстары мен шеберлік сыныптары өткізілді. Екінші күні пленарлық мәжіліс Астана қаласына тікелей байланысқа қосылу арқылы өткізіледі.
Түркістанда өтетін тамыз кеңесінің секциялық жиынына келушілер “Адал азамат -ел тірегі”, “Еңбекқорлық — табысқа жетудің бірігей жолы” , “Мәдени мұра және тарихи таным” сияқты тақырыптағы секцияларға қатысты. Тәрбие саласының бас-қасында жүрген жауапты мамандар Түркістанда бас қосып, тәжірибе алмасты. Осылайша біліктілікті арттырды.
Республикалық Тамыз кеңесі Түркістан облысында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие тақырыбында республикалық тамыз кеңесінің секциялық отырыстары басталды.
Секциялық отырыстар «Фараб» кітапханасының мәжіліс залы мен оқу залында және «Ұлы Дала Елі» орталығында өткізілді.
«Адал азамат – ел тірегі» тақырыбындағы №1 секция жұмысын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру» департаментінің директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы жүргізіп отырды.
Сондай-ақ, “Буллингтің алдын алуда эмоционалды интеллектінің рөлі” атты баяндаманы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші сарапшысы Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы сала мамандарына кеңінен тарқатып айтып өтті.