ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ЖАС ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін NIS Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» ІІ республикалық форумында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев шалғай елді мекендерден келген мұғалімдермен кездесті.
Бейресми басқосуда ауыл мектептерінің жас ұстаздары министрге білім саласына қатысты сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Министр мұғалім мамандығы ең қажетті әрі мәртебелі мамандық екенін атап өтті.
«Ұстазы жақсының — ұстанымы жақсы» дейді дана халқымыз. Ұстаздық жолды аңсап, сол салада адал қызмет етуді таңдаған Сіздерге алғысымды білдіремін. Алдарыңыздағы үлкен асуларды меңгеріп, еліміздің білім саласының қарқынды дамуына зор үлес қосатындарыңа сенімдімін», — деді министр.
Министрліктің жас ауыл мұғалімдеріне арналған «Болашақ» тағылымдама бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқаны туралы хабарды кездесуге қатысушылар зор қошеметпен қабылдады. Сондай-ақ шалғай ауылдарда жұмыс істейтін мұғалімдерге халықаралық платформаларда жұмыс істеуге жағдай жасалады. Биылдан бастап ауыл мектептері мен шағын жинақты білім беру ұйымдарын қолдау бойынша пилоттық жоба іске қосылады.
Екі күн бойы жас мұғалімдер кәсіби алаңда тиімді жоспарлау, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, эмоционалдық интеллектті дамыту сияқты тақырыптар бойынша білім алады.
Мұндағы мақсат – түрлі сала мамандарымен осындай кездесулер ұйымдастыру арқылы жас ұстаздардың ынтасын арттыру. НЗМ-мен ұйымдастырылған республикалық форум ертең де жалғасын тауып, жас ұстаздар тәжірибелік алаңдарда жұмыс істейді.
Қосымша ақпар. Қазақстанда жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жатақхана ашу жоспарлануда. Олардың 960 орындық 4 жатақханасы оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жаңа жатақханалар Талдықорған музыка колледжі, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, Алматы құрылыс-монтаж колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі жанынан ашылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 1512 орындық 9 жатақхананы Шымкент қаласында, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында ашу жоспарлануда. Осы шаралардың барлығы техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және колледж студенттерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Атап өтерлігі, бүгінде ел бойынша колледж студенттерінің 85% — дан астамы жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етілген.Қазақстанда жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жатақхана ашу жоспарлануда. Олардың 960 орындық 4 жатақханасы оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *