ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ “ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Түркістан облысы республикалық “Ұлттық мектеп лигасында” жалпы командалық есепте үшінші жыл қатарынан топ бастап тұр. Өскемен қаласында Тамыз кеңесі аясында республикалық Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаз облыс, қалаларды марапаттау салтанаты өтті.
Атап айтар болсақ:
9-11 сыныптар арасында
1 орын – Түркістан облысы;
2 орын – Шымкент қаласы;
3 орын – Ақтөбе облысы;
7-8 сыныптар арасында
1 орын –Павлодар облысы;
2 орын – Түркістан облысы;
3 орын – Шымкент қаласы;
5-6 сыныптар арасында
1 орын – Түркістан облысы;
2 орын – Павлодар облысы;
3 орын – Жамбыл облысы;
Қорытынды бойынша футболдан ұлдар арасында Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебінің командасы чемпион атанды. Баскетбол және волейболдан қыздар арасындағы сайыста Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының құрамасы І орынға қол жеткізді. Сондай-ақ тоғызқұмалақтан М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебі, гандболдан қыздар арасында Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ мектеп-лицейі, футзалдан қыздар арасында С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің командалары ІІІ орынды місе тұтты. Гандболдан ұлдар арасындағы жарыста Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінің оқушылары ІІ орынды иеленді.
Бүгін, білім басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Арап Қайрат Әбдірахымұлы мен облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының спорт бөлімінің меңгерушісі Оспанов Оразбай Қыдырбайұлы басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Садықова Ардақ Мәдіханқызына кубоктарды табыстады. Оқушыларымыз спорт сайысында да белсенділік танытып, облыстың намысын қорғады. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Осы тұста, жаңа оқу жылының ең басты жаңалықтарының бірі орта мектеп оқушылары үшін 34 апталық оқу бағдарламасы қайтарылғанын атап өткен жөн. Яғни мектеп оқушылары жазғы демалысқа бұрынғыдай 25 мамырда шығады. Дегенмен, 5 күндік оқу аптасы сақталады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Вице-премьер 36 апталық оқу жылына көшу туралы шешімнің асығыс қабылданғанын атап өтті. Педагогтар мен ата-аналар қауымдастығы тарапынан түскен шағымдар ескеріліп, бұрынғы 34 апталық оқу бағдарламасы қайтарылатын болды. Алайда, оқу аптасының 5 күндік күйінде қалғанын ескерсек, қалған 2 апталық оқу бағдарламасын министрлік қайда жіберді? Осыған дейін оқу жылының 36 аптаға дейін созылуын осы 5 күндік оқу жүйесіне көшумен байланысты екені айтылған. Вице-премьер 36 апталық оқу жүйесіне көшуді 2025 жылға дейін пысықтап барып, ортақ шешімге келуді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *