АРЫС: КӘРІС ҰЛТЫНЫҢ АЗАМАТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН САБАҚ БЕРЕДІ

Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны Самбет Наталья қазақшаға судай ағып тұр. Орайы келсе, астарлап та, мақалдап та, «оңдырмай» айтып тастайды. Өзге ұлт өкілінің өз тіліңде ақыл айтқаны да қызық болады екен? Міне, кәріс қызына жұрттың сүйсінтетіні де, оның сөзін ауыздарынан су ағып тыңдайтындары да осыдан!.. Қазақ тілінде емін-еркін сөйлейтін Наталья — нағыз қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өлкеге келін боп түсті. Құдай қосқан қосағы да қазақ жігіті.
Наталья Александрқызы, 1964 жылы Ақмола облысы, Атбасар ауданында дүниеге келді. 1981 жылы орыс мектебін бітіріп, 1986 жылы Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік институтының физика және математика факультетін бітірді. Өскен ортасы, қазақ көршілері мен қазақ достарының өз ана тілінде сөйлескендері оның қызығушылығын күн санап, арттыра түсті. Олардың айтқандарын іштей түсінгенімен, ауыз екі тілде сөйлесе алмай қор болған кездерін Наталья бүгінде сағына еске алады.
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – ол тілі. Тілге құрмет, ол туған жерге деген құрмет, елге, ұлтқа деген құрметі.
Түркістан облысы Сауран ауданының білім беру мекемесінің іс-шара жоспарына сәйкес, 5 — қыркүйек күні Тілдер мерекесіне орай «Мәңгілік ел- мәртебелі тіл» тақырыбында білім беру мекемелерінде онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті
Сонымен қатар, Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Мәңгілік ел — мәртебелі тіл» онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Соның бірі Азаттық ауылындағы «Түркібасы» жалпы орта мектебінде “5 қыркүйек -Қазақстан халықтарының тілдері күні” мерекесіне «Қасиетті ана тілім» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
Кеш барысында әрбір қатысушының өз ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметінің шексіз екенін байқамау мүмкін емес еді. Аталған іс-шараға әсіресе, өзбек сыныбының оқушылары белсене атсалысты.
Осындай елжандылыққа, ана тілін құрметтеуге, насихаттауға бағытталған іс-шаралар онкүндіктің аясында өз жалғасын таба бермек. Сонымен қатар, Өз ана тіліне деген махаббаты сарқылмас, «Намысым — арым» деген азамат тәрбиелеу біздің парызымыз..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *