ТӨЛЕБИ: ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТУДЕ

5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күніне орай Төлеби ауданындағы мектептерде түрлі іс-шаралар, онкүндіктер басталып кетті. Соның бірі — Ақбастау жалпы орта мектебіндегі «Тілім–менің тірегім» атты тілдер онкүндігі жоғары деңгейде аталып өтті.
Іс-шара барысында оқушылар ерекше белсенділік танытты. Білім алушылардың тілге деген сүйіспеншілігі, құрметі сезіліп тұрды. Тілдер онкүндігі Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияда, №3 П.Тәжібаева атындағы, №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептерінде және басқа да көптеген білім беру мекемелерінде ұйымдастырылып отыр.
Аталған білім ордасының қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің ұстаздары тілдер онкүндігіне үлкен дайындықпен келгендіктерін байқатты.
5 қыркүйек қазақ халқының тарихында ерекше болмысы бөлек, терең білімі, ақыл-парасатымен дараланған ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ана тілін ардақ тұтқан ұлт жанашырының құрметіне орай 5 қыркүйек ҚР халықтарының Тілдер күні болып бекітілген. Осы орайда мектебіміздің тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Тілім менің -мерейім» атты тілдер мерекесінің ашылуы салтанаты болып өтті.
Шараның басты мақсаты тілге деген құрметті арттыру, мәртебесін көтеру, тіл және сөз құдіретін тану, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін ұялату, үштұғырлы тілді дамыту болып саналады.
Бұдан өзге, Тілдер мерекесінің ашылу салтанатында оқушылар ақындардың тіл туралы және Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқумен қатар, қазақи рухты көтеретін «Алаш зиялыларының қазақ тілінің дамуына қосқан үлесін насихаттау» мақсатында көрініс көрсетіліп, «Анамның тілі» әнімен жалғасын тапты.Қазақстан халқы Тілдер күні мерекесі 5 қыркүйекте қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен қатар келген мереке аясында №28 Х.Доспанова атындағы ЖОМ де «Тіл тазалығы — ұлт тазалығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: қатысушыларға ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу; адамгершілік, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Осы орайда, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс — шараға мектеп оқушылары белсенді қатысты. Қатысушылар ақын — жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерін және өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара қызықты өтіп, қатысушылар мол мағлұмат алды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *