ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Басты мақсат – кәсіпкерлерді қолдау. «Қамқорлық жанұя орталығы» КММ мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының арасында меморандум түзілген. Түркістан қалалық әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қамқорлық жанұя орталығы» КММ мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының арасында меморандум түзілген.

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Нұртас Кеңесбеков мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, екіжақты келісім бойынша қос тарап көпбалалы мұқтаж отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласқан. Осы орайда, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев «Қамқорлық жанұя орталығы» КММ-не арнайы барып, кәсіпкерлермен жүздесті. Жанұя орталығының директоры Жібек Әшірхантегі Асылан Сейілбекұлын мекемеде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Кездесу барысында палатының жанынан ашылған әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен тығыз жұмыс жүргізу жөнінде сөз болды. «Аз қамтылған,мүгедектігі бар жандарды тәрбиелеп отырған және көпбалалы толық емес отбасылардың мұқтаждықтарын анықтау, кеңес беру, отбасы мүшелерін тұрмыстық депресиядан шығару үшін психологиялық қолдау көрсету, бейімдеу шараларына қатыстыру, оқу курстарын ұйымдастыру, құқықтық кеңес беру, демеушілер есебінен қолдау көрсету бағытында қызмет көрсетудеміз. Бүгінде 240 азаматша оқу курстарын аяқтап, 8-і мемлекеттік грант иегері атанды. Ал 20 ана қаладағы мейрамхана мен сұлулық салондарына жұмысқа орналасты.

Аспаздық курсын бітірген 12 анамыз үйден жартылай фабрикат жасап, тігін курсын бітірген 17 ана тойбастар жасап, үйінде табыс тауып отыр»,- деді Жібек Маштайқызы. Аталған орталықта тегін оқу курстарына қатысып жүрген азаматшаларға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының мамандары «Шағын және орта кәсіпті мемлекеттік қолдау шаралары» және кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің, сонымен қатар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызметтері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, «Бастау бизнес» жобасына тіркелуге көмектесіп, мемлекеттік гранттар мен төмен пайыздық жеңілдетілген несиелер алу бойынша тегін консультация берілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *