ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» АЯСЫНДА 102 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛҒАН

«Ауыл аманаты» жобасына Жетісай ауданынан Қарақай, Ж.Ералиев, Қазыбек би және Мақталы ауылдық округтерінің тұрғындары қатысуда. Бүгінде жалпы аудан бойынша өткізілген 1 млрд. 301,3 млн. теңгенің 219 құжатынан «Ырыс» МҚҰ арқылы 1 млрд. 21,7 млн. теңгенің 176 жобасы мақұлданған. Оның ішінде 555,4 млн. теңгеге жасалған 102 бизнес-жоба қаржыландырылған.

Нақтырақ айтар болсақ, Қарақай ауылдық округі бойынша 281,9 млн. теңгенің 55 жобасы мақұлданып, 198,5 млн. теңгеге 41 жобасы қаржыландырылса, Ж.Ералиев ауылдық округінен 32 бизнес-жоспар қолдау тауып, 183,9 млн. теңгеге қаржыландырылған.

Одан бөлек, Қазыбек би ауылдық округінен 125,8 млн. теңгеге 21 жоба, ал, Мақталы ауылдық округі бойынша 8 жоба 47,3 млн. теңгеге қаржыландырылған. 4 ауылдық округ бойынша қаражат алған 102 жоба иесінің 9-ы өсімдік шаруашылығын, 83-і мал шаруашылығын таңдаса, 10 жоба түрлі қызметтерді көрсетуге арналған.
«Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысушы тұрғындардың 24 жобасы кепіл шартына тұрып жатса, 8 жобаның кепіл шарты халыққа қызмет көрсету орталығында тіркелу үстінде», дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Айнабеков.

«Биыл тағы 1,5 мыңнан астам жобаға бюджеттен 143 миллиард теңге бөлінеді. Мен сайлау алдында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігі туралы анық айттым. Бұл – маңызды міндеттің бірі. Оны ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы жүзеге асыру керек. Сол үшін «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынады. Ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа қызмет көрсету және өнім өткізу үшін құрылады. Оларға құрал-жабдық және техника сатып алу үшін субсидия беріледі», — деді Тоқаев.

Президент атағандай, осы мақсатқа 1 трлн теңгеге жуық қаржы бөлінеді. «»Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды. Өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн. Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мәжілістен орын алған «Ауыл» партиясы өз үлесін қосады деп сенемін», — деді Мемлекет басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *