ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ ПЕН ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫН ЖАЛҒАЙТЫН ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Қазығұрт және Төлеби аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-29 «Шарапхана – Жаңабазар – 1 Мамыр» автомобиль жолының 42-50,6 шақырымы аралығына (Алғабас, Зағамбар, 1-Мамыр елді мекендері) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме – «Бірлік» ЖШС.
Жөндеу жұмыстары барысында ескі асфальт қабаты толығымен жаңартылды. Сондай-ақ елді мекендер ішіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салынып, заманауи үлгідегі жарықтандыру шамдары орнатылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандардың алдына жасанды жол кедергілері қойылып, жол таңбалары сызылды.
Көлік-логистикалық саланы дамыту да аса маңызды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 1-кезеңі сәтті өтті. Ол елорда мен өңірлерді жалғастыруға мүмкіндік берді. Көлік жүйесінің жаңа инфрақұрылымдық негізі қалыптасты. Елдің жаһандық көлік дәліздеріне жол ашты, — деді ол.
Президент атап өткендей, «Нұрлы жолдың» 2-кезеңі көліктік-транзиттік сектордың көшбасшы рөлін нығайту үшін жұмыс істеуі керек.

Елдің бәсекеге қабілеттігі қарқынды инфрақұрылымдық жобалардың есебінен өсуі керек. 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жолды қайта жөндеп, барлық республикалық жолды сервиспен қамтамасыз ету керек, — деді ол.Түркістан облысы аумағында 2023 жылы жалпы 1586,4 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді. Жыл қорытындысымен 1282,6 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.

Қазіргі таңда Түркістан-Шәуілдір бағытындағы 64 шақырымдық жолдың 35 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Түркістан қаласының әуежайы мен Кентау қаласын қосатын 26 шақырым жаңа жол биыл қыркүйек айында толық пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, Сауран ауданының Қарнақ, Ойық, Шоқтас ауылдарын облыс орталығы Түркістан қаласымен қосатын және Шорнақ, Майдантал елді мекендері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне шығатын 76 шақырым облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда 24,2 шақырымы аяқталып, қалған нысандар биыл жыл соңында толық пайдалануға беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *